• 87145121569
  • schkola.sarykol@mail.ru
  • Сарыкөл кенті Тәуелсіздік көшесі 75

Валиева Балгуль Ергужакызы — облыс

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Валиева Балгуль Ергужақызы  2023 жылдың 4 тамызында Қостанай облысының бастауыш сынып мұғалімдерінің секциясына қатысты. Секцияның жұмыс барысында Балгуль Ергужақызы «Белсенді оқыту формалары арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында  тәжірибе алмасты. Мұғалім өз тәжірибесінде қолданатын сабақ үдерісінің оқыту формаларын көпшілікке паш етті. Жалпы білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту білім саласында өзекті мәселелердің бірі екені анық. Балгуль Ергужақызы тақырыпты толық, жетік, түсінікті жеткізді.