• 87145121569
  • schkola.sarykol@mail.ru
  • Сарыкөл кенті Тәуелсіздік көшесі 75

Кітапханаға

Оқырмандарды кітапханаға тарту және қызығушылықтарын  арттыру мақсатында

кітапханаға еркін кіруді қамтамасыз етемін, сөрелерде кітаптардың дұрыс

қойылу тәртібін сақтаймын.

Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Оның бірден-бір жолы ол- кітап

көрмелерін ұйымдастыру. Кітапханада тұрақты кітап көрмелері

ұйымдастырылады.«Менің үлкен және кіші Отаным», «Ешкім де,ештеңе де

ұмытылмайды», «Қазақстан ежелгі қалалары», «Музыкалық өнер», «Қазақ

халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Қазақтың  қол өнері», «Кітаптардың

жаңалығы», «Мерейтойлық — жазушылар», «Мерейтойлық — кітаптар».

Ай сайын мектепте тақырыпқа арналған мобильдік кітап көрмесі  ұйымдастырылады.

Қыркүйек айында — «Ахмет Байтұрсынұлына-150 жыл»,

Қазан айында — « Қазақстан — Республикам менің»,

Қараша айында — «Бір отбасы — бір кітап».

Оқырмандардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін

кітапханаға келген  жаңа әдебиеттер  туралы  ақпарат  беремін. Оқушыларды

кітапханаға шақырып, сыныпқа барып,жаңа келген кітаптармен таныстырамын.

Бастауыш сыныптар — 1-4 сынып оқушылары ертегі, өлеңдерге құмар. Оларға

іздеген кітаптарын  табуға көмектесемін.

« Кітап саған ұнады ма ?» деген тақырыпта әңгіме жүргіземін.

Кітапхананы безендіреміз. Балаларды оқуға қызықтыру үшін  « Оқуға

құштар сынып»стенді  жасалды.

«Буккроссинг»атты  стенд те  жасалды. Кітап алмастыру шарасы да өткізіліп отырады. Өздеріне  ұнаған кітаптарын алып, орнына басқа кітап коюға тиіс.