• 87145121569
  • schkola.sarykol@mail.ru
  • Сарыкөл кенті Тәуелсіздік көшесі 75
Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

2007-2008 жылдары Қостанай облысы Сарыкөл ауданыңда мемлекеттік тілде «Сарыкөл орта мектебі» ашылды.

Мектептің алғашқы директоры Нургалиева Алмагуль Жаиковна

Мектептің алғашқы директоры болып Нургалиева Алмагуль Жаиковна тағайыңдалды. Білім беру ордасы 24 педагогикалық ұжымнан құрылған. Мектепке134 оқушы қабылданды. Мектеп барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

2009-2010 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін мектеп директоры қызметін Сманов Ерлан Кенжебекұлы атқаруда.

2019-2020 жылдары «Сарыкөл орта мектебі»  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ болып ауыстырылды. Мектеп заманауи талаптарға сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен (компьютер, ноутбук, нетбук, интербелсенді тақта және т.б) жабдықталған. Қазақ тілі, математика, орыс тілі, физика, химия, информатика, ағылшын тілі, тарих, бастауыш сынып, мектеп алды кабинеттері бар .Осы жылдары мектебімізде мұражай ашылды. Мұражай физика-математика ғылымдарының докторы Қазақстан ғылым академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин құрметіне ашылды.